Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы әкімшілік және тұрғын ғимараттар жарыққа қосылды

11 Қараша 2019, 09:22
3839
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы әкімшілік және тұрғын ғимараттар жарыққа қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы сот - электрмен жабдықталды. Сонымен қатар, 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды: "Уют" , "Краун Плаза", "Тұмар" (2 үй), "Арт Хаус" , "Вива плаза" , "Алатау", "Водно-зеленый бульвар".

"Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын, "Керуен" , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Кабельдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен  6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды. 

WhatsApp Image 2019-11-11 at 07.28.22.jpeg

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы