Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар орнатылды

22 Қараша 2020, 01:37
1624
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын ұйымдастыру кестесі өзгереді, деп хабарлайды елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл шара мемлекетік органдармен бірлесе отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатыда жүзеге асырылуда. Астаналық Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовтің айтуынша, биыл жол қозғалысын ұйымдастыру кестесін өзгерту бойынша жұмыстар жүзеге асырылып, жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар орнатылды, - деп жазылған ақпаратта.

Мысалы, 23 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтетін жол мен 8 даңғылда бағдаршам орнатылды. Жаяу жүргіншілер өтетін 16 жол жарықтандырылып, 8 даңғылда қосымша бағдаршам секциялары орнатылды. Елорданың жол қозғалысын ұйымдастыру кестесіне өзгеріс енгізу жұмыстары шетел тәжірибесі бойынша ілкі жоба аясында жыл бойына шетінен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда 19 даңғылда сол жаққа бұрылып, маневр жасауға тыйым салынып, көлік ағынында қарама-қайшы қозғалысты қысқарту мақсатында айналып, бұрылуға да тайым салынды.

Өзгелердің жаңалығы