Нұр-Сұлтанда теміржол нысандарындағы қауіпті ескертетін акция басталды 

31 Тамыз 2021, 14:57
7032
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда теміржол нысандарындағы қауіпті ескертетін акция басталды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық еріктілер қалалық Полиция департаментімен бірлесіп акция өткізді. Іс-шараның мақсаты халыққа теміржол нысандарындағы қауіп туралы ескерту болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындарға түсіндіру шаралары жүргізілді, сондай-ақ ТЖ жолдарының жанындағы жүріс-тұрыс туралы жадынамалар таратылды.

Бүгін акция аясында біз желілік Полиция басқармасымен бірлесіп теміржол нысандарында балалардың жүріс-тұрыс қауіпсіздігі ережесі туралы буклеттер тарату бойынша жұмыс жүргізудеміз, - деді «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері Фараби Аймақ. 

Бұл акцияның негізгі мақсаты - ТЖ көлік нысандарында жазатайым оқиғалар мен шұғыл тежелулердің алдын алу. 

Темір жол – бұл жоғары қауіпті аймақ екенін бәріміз білуіміз керек. Көбіне адамдар белгіленбеген жерлерде жүреді. Өз жолын қысқартамын деп, олар өз өмірін қысқартып алуы мүмкін, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Абай Келібаев. 

Өзгелердің жаңалығы