Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды

30 Тамыз 2021, 20:20
2177
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күні елордада тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды. Осылайша 255 үлескер отбасының проблемасы шешілді.

Бұл – «Шығыс 3Б» және «Куршавель» тұрғын үй кешендері (ТК).

Мысалы жосықсыз құрылыс салушыдан проблемалық нысанды алған сәтте «Шығыс 3Б» ТК-де объектінің бірінші үйінің қаңқасы 50% деңгейінде ғана салынған. «Шығыс 3Б» ТК құрылыс жұмыстары басталғанға дейін объектіні құрылысқа дайындау бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. Біріншіден, объектіге техникалық аудит жүргізілді, тірек конструкцияларының жарамдылығына техникалық тексеру жүргізілді. Техникалық жай-күйін бағалауды және сараптамалық ұсынымдарды алғаннан кейін объектінің құрылысы қайта басталды. Бұл ТК-де 6 жыл бойы 120-дан астам отбасы өз пәтерін күтіп жүрді. Шығыс тобының көппәтерлі тұрғын үй кешенінің өзге блоктары бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

«Куршавель» ұзақ құрылысының құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында қайта басталды. Ол кезде нысан тек 40%-ға ғана салынған, ал сыртқы инженерлік желілері тіпті болмаған. Осылайша, бірінші кезекте мемлекеттік сараптамадан өту бойынша жұмыстар орындалды.

Конституция күні «Куршавель» ТК-нің 135 үлескері өз пәтерінің кілтін ала бастады.

Ұзақ құрылыстардың аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, үлескерлерге баспана кілтін тапсыру рәсімі өтеді. Екі проблемалы құрылыс бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Елордада 2019 жылдың жазында 52 үлестік құрылыс нысаны болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жарты жылдығында құрылысы ұзаққа созылған 10 нысан салынып, пайдалануға берілді. Бұл – 13 көппәтерлі тұрғын үй кешені. Ал 2020 жылы 14 нысанның құрылысы аяқталды, бұл – 20 ТК.

Биыл Елорда күніне орай тағы 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2021 жылы барлығы 57 проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтеріне ие болады.

Өзгелердің жаңалығы