Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті

8 Қараша 2020, 13:30
6686
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы Атырау көпірінде селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті. Бұл туралы елорданың Полиция департаменті хабарлады.

7 қарашада полицияға ер адамның Атырау көпірінен секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер 22 жастағы жігіттің селфи жасап жатқан кезде өзенге құлап кеткенін анықтады.

Қуанышқа орай, жас жігіт еш жарақат алмаған және өздігінен жағаға жүзіп шыққан. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті селфи түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Экстремалды фотосуреттер өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін есте ұстаған жөн, - деп атап өтті полиция өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы