Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғаны үшін 19 адам жауапкершілікке тартылды

12 Қараша 2021, 21:04
858
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғаны үшін 19 адам жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Елордада оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 19 тұрғынға қатысты 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша «қызыл» және «сары» статусы бар тұрғындар үй карантинін бұзуды тоқтатар емес.

Оқшаулау режимін бұзған тұрғындар, ең алдымен, айналасына инфекция көзі болып саналатынын есте ұстауы керек. Өзі жеңіл ауырғанмен өзгелердің өміріне зиян тигізуі мүмкін. Тіпті соңы өлімге әкелуі мүмкін.
Нұр-Сұлтанда «Ashyq» қосымшасы арқылы 19 адам үй карантинін бұзғаны анықталды.

Оқшаулау режимін бұзу негізінен 14-күні тіркеліп жатады. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар барлық адам, сондай-ақ олармен байланыста болған адамдар үй карантинінде 14 күн болуы керек. Карантин оң ПТР тестін алған сәттен басталады және 14 күнге созылады.

Азаматтарды қауіпті вирустың одан әрі таралуын болдырмау және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікпен қарауға және карантиннің барлық шараларын сақтауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы