Нұр-Сұлтанда Малахов көшесінің бойындағы учаске жабылады

27 Сәуір 2021, 21:09
1280
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Малахов көшесінің бойындағы учаске жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Малахов көшесінің бойындағы учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.

Нұр-Сұлтан қаласында Малахов көшесінің бойындағы Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Малахов көшесінің бойындағы Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі учаскеде ағымдағы жылғы 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалысты толық жабу жоспарланып отыр.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма таратқан хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы