Нұр-Сұлтанда көршісін тонаған әйел ұсталды

5 Мамыр 2022, 19:50
1157
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда көршісін тонаған  әйел ұсталды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен елорданың 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды

 Жатақханада тұратын күдікті түскі уақытта бөлмеден шығып бара жатып, көрші бөлменің есігі ашық екенін көреді. Бөлмеде көршісінің жоқ екеніне көз жеткізген ол кіріп құны 65 мың теңге болатын телефонды ұрлаған. 

 Өз кінәсін мойындаған күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлел ретінде ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Пәтерлердің есіктерін ашық қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа да, бұл еркін қол жеткізу арқылы ұрлыққа әкелуі мүмкін. 

Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, дереу «102» телефонына немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы қоңырау шалыңыз.

Өзгелердің жаңалығы