Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады?

20 Қазан 2020, 20:02
1647
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы кинотеатрлардың жұмысын қалпына келтіру күні қаладағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады.

Cондай-ақ кинотеатрлардың кинофильмдер көрсетілу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығы да ескеріледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия келушілердің 30%-ын, арақашықтық пен маска тағу тәртібін сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл аурушаңдық деңгейі бойынша «жасыл аймаққа» енетін аймақтарға қатысты. Нұр-Сұлтан «жасыл аймақта» енгеніне төртінші күн, сондықтан біз жағдайды 10-12 күн бойы бақылайтын боламыз. Егер бұл көрсеткіш сақталса, онда біз қаладағы кинотеатрлардың жұмысын бастаймыз. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізілетін болады, - деді Жанна Пірәлиева.

Сондай-ақ елордалық кинотеатрлар пандемияда жұмыс істеуге дайын болу керек. Яғни, кинозалдарға арақашықтық белгілері, санитайзерлер орнатылуы, қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Кинотеатрларға кіре берісте келушілер мен қызметкерлер термометриядан өтуі, сонымен қатар көрермендер маска тағуы керек. Отырғыштарды адамдар көп жиналмайтындай етіп ұйымдастыру қажет.


Өзгелердің жаңалығы