Нұр-Сұлтанда қазақстандықтардың әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары жарияланды

7 Қазан 2019, 11:03
2949
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қазақстандықтардың әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары жарияланды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары" атты зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ)  мен Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігі бірлесе "Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?" тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырды.  

"Бүгін біздің қоғам үшін өте маңызды тақырыпты талдау үшін еліміздің саясаткерлері, әлеуметтанушылары, сарапшылары жиналып отыр. Құндылық дегеннің өзі – бұл біздің өзіміз. Біздің азаматтарымыздың құндылығы – күнделікті шынайы өміріміз, қоғамымыз. Қазір Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңінде тұр. Мәдени трансформация – жаңғырудың құнды бөлігі. Мұны барлығымыз мойындадық. Барлық зерттеушілер мәдени құндылықтар қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады дейді. Өзім экономист ретінде бұл жаңа экономикалық күнтізбе қалыптасуының критикалық параметрі дер едім. Әр қоғамда өзіндік формалды формалды емес, рухани, материалдық нормалар адамдардың іс-әрекетін білдіреді. Бір қоғамның нормалары екінші жаңа қоғамда қабылданбауы мүмкін. Сондықтан біз әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты инклюзивті моделін қарастырғанда бізге бұдан да кеңірек талқылау, ойлану керек екенін білеміз", - деді ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Конференция аясында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары" атты зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ жекелеген бағыттар бойынша (отбасылық, еңбек, азаматтық және т.б.) панельді пікір-талас форматында өтті. 
Сессияларға қазақстандық жетекші әлеуметтанушылар мен зерттеу жұмыстарының авторлары, саясаттанушылар мен сарапшылар, сондай-ақ, өңірлердің академиялық ғалымдары қатысты. Айтуынша, соңғы онжылдықта өзгермеген құндылықтар бар.

"Оң және теріс құндылықтар болмайды деген түсінік бар. Олардың бірі бір жағынан қауіп болса, екінші жағынан мүмкіндік болуы мүмкін. Соңғы қорытындыларға қарап отырсақ, құндылықтар он жыл ішінде өзгермей қалуы мүмкін. Өткен онжылдықтан шынымен кейбір құндылық қалған.  Бірақ біздің әлсіз немесе күшті тұсымыз бола алатын жаңа құндылықтар да пайда болды", - деді институт директоры.

Фридрих Эберт атындағы қор өкілдерінің айтуынша, "зерттеуде қазақстандық қоғамның құндылықтар сипаты мейлінше нақты берілген, қазіргі заманғы әлемде алға шыққан құндылықтар жағдайында қазақстандық азаматтардың келбеті тура сипатталған және адамдардың өз ұқсастықтарын қалай түсінетіні, тілге, дінге және отансүйгіштікке деген көзқарастары дәл берілген". 

Сарапшылардың сөзінше, Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңін бастан өткеруде және мәдени трансформация оның ажырамас бөлігіне айналған.
Түрлі елдің ғалымдары мен зерттеушілері қоғам дамуында мәдениеттің рөлі үлкен маңызға ие екендігін, реформалардың дамуына дем беретінін, кәсіпкерлік белсенділік пен инновация өсімін өрлететінін талай мәрте дәлелдегені белгілі. 

Сондықтан экономикалық дамудың тұрақты әрі инклюзивті үлгісін құру туралы тілге тиек еткенде, оның аясын кеңінен қарастырып, қоғамның мәдени ұстанымдары мен құндылықтарын қоса ескерген абзал. 

Конференцияға қатысушылар қазақстандықтардың ұлттық және діни сәйкестігі, еңбек, саяси әрі отбасылық құндылықтары мәселелерін жан- жақты талқыға салды. 

Сарапшылар осы тақілеттес зерттеулер қолдауға мұқтаж және бүгінгі таңда оның өзектілігі артып келеді деген ортақ ойға тоқтады. 

Фридрих Эберт атындағы қор 1925 жылы құрылған және ол Германияның ең байырғы саяси қоры болып саналады. Қордың құрылуы Германияның алғаш рет демократиялық жолмен сайланған президенті Фридрих Эбертпен тікелей қатысты. Қор Фридрих Эберттің идеялық мұрасы мен әлеуметтік демократияның бай дәстүрлерін ұстана отырып, жұмыс істейді. 

ФЭҚ өз қызметі аясында әлеуметтік демократияның еркіндік, әділеттілік және ынтымақ секілді басты құндылықтарын ұстанады. Әлеуметтік-демократиялық ұйымдар мен тәуелсіз кәсіподақтарға деген идеялық жақындық  – Фридрих Эберт атындағы қорға тән сипат.  ФЭҚ – коммерциялық емес ұйым, ол дербес әрі тәуелсіз түрде жұмыс істейді.


Өзгелердің жаңалығы