Елордада «Қауіпсіз еңбек» жобасы іске қосылды

25 Қыркүйек 2019, 19:18
2084
Бөлісу:
Елордада «Қауіпсіз еңбек» жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз еңбек» жобасы өз жұмысын бастады. Оның басты міндеті-жұмыс орнындағы өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалар санын азайту, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

"Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны және сапаны бақылау басқармасы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы  Мұрат Шәкеновтың айтуынша, жоба аясында өндірістік жарақаттар мен жалақы мәселелерімен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына прокуратура, полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және еңбек инспекциясы өкілдері бар. Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлар бірнеше жылдан бері жүйелі түрде түсіндіру кездесулер мен семинарлар өткізіп келеді. Бұл жұмыстың нәтижесі өндірістік жарақаттану, жұмыс орындарындағы өлім-жітім деңгейін төмендету және еңбек қауіпсіздігін арттыру болмақ", - делінген таратылған ақпаратта.

Биылғы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 2000 астам адамды қамтитын 84 профилактикалық іс-шара өткізді. 2019 жылы еңбек инспекторларының талаптары негізінде елорданың 8 құрылыс-өндірістік объектілерінде қауіпсіздік талаптарын сақтамауына байланысты жұмыстар тоқтатылды, ал материалдар сотқа жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев жұмыста жарақаттанудың себебі жұмыс берушілер тарапынан болатын немқұрайлылықты алға тартады. Оның айтуынша, жұмыс берушілер жұмыс тиісті түрде ұйымдастырылмай, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы туралы хабарсыздығы мен ескірген жабдықтарда жұмыс істеуге жол береді.

Өзгелердің жаңалығы