Нұр-Сұлтанда грэпплингтен қалалық чемпионат өтті

5 Сәуір 2022, 22:45
1335
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда грэпплингтен қалалық чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада грэпплингтен қалалық чемпионат өтті. Жарыс 16-20 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылды. Бұл республикалық турнирге іріктеу кезеңі болып саналады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Іріктеу кезеңіне 16-17 жастағы жасөспірімдер, сол сияқты 18-20 жастағы жастар қатысты. Бірінші және екінші орын алған спортшылар республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама алды, - деді «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Грэпплинг федерациясы» ҚБ президенті Тоқтар Зарубеков.

Жас спортшылар турнир өте ауыр болғанын атап өтті. Себебі жарысқа қатысушылар соңына дейін күресіп, ел біріншілігіне жолдама алуға ұмтылды.

Мен екінші орын алдым, қарсыластарым өте мықты болды. Финалда аздап сәттілік жетіспей қалды. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңістерге жетемін. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды! Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деді чемпионаттың күміс жүлдегері Нәзір Ибрагимов.

Нұр-Сұлтанда грэпплингтен қалалық чемпионат өтті

«Қалалық чемпионат жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Спортшылар жақсы дайындалған. Мен үш жекпе-жекке қатысып, жеңімпаз атандым», - деді чемпионаттың жеңімпазы Нұрасыл Тұрысбек.

Өзгелердің жаңалығы