Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан кімдер қаза тапқаны белгілі болды

26 Наурыз 2019, 12:46
5818
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан кімдер қаза тапқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның хабарлауынша, қазіргі уақытта жан түршігерлік жол апатының салдарынан 27 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, олардың бірі 53 жастағы автобус жүргізушісі болса, екіншісі 26 жастағы әйел адам автобус жолаушысы болған. 

"Қазіргі уақытта 25 адам №2 қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді, олардың 4-еуі ауыр халде. 3 пациентке ота жасалса, тағы 3-еуі интенсивті терапия бөлімшесінде. №1 қалалық ауруханаға 1 зардап шегуші (жедел медициналық көмек көрсететін фельдшер) жеткізілді, ол нейрохирургия бөлімшесіне жабық бас-ми жарақатымен жатқызылды. Орталық теміржол ауруханасына зардап шеккен 1 пациент (жедел медициналық көмек көрсететін фельдшер) тізе жарақатымен жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Ол амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді", - делінген таратылған хабарламада.

Жол апатынан зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетудің 22 бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы қызмет көрсетті.

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан кімдер қаза тапқаны белгілі болды

Еске салсақ, бүгін, 26 наурыз, таңғы сағат 9.40 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.


Өзгелердің жаңалығы