Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасының көшбасшылары анықталды

19 Тамыз 2021, 00:23
6902
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасының көшбасшылары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 159 мекеме «Ashyq» жобасының көшбасшылар тізіміне енді.

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасы көшбасшыларының тізімі жаңартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ashyq жобасының жаңартылған көшбасшылар тізіміне әуежай, вокзалдар, ірі сауда ойын-сауық орталықтары, бөлек орналасқан дүкендер, мәдениет нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, бассейндер, СПА-орталықтар және т.б. енді.

Жоба көшбасшыларының тізімін қала әкімдігі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда (екі апталық кезеңде) QR-код арқылы тіркелген келушілердің мәліметі негізінде қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» көшбасшысы» статусын алған жоба қатысушысы «қызыл» аймақта орналасса, «сары» аймақтың шарттары бойынша, ал «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады.

«Жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады.


Өзгелердің жаңалығы