«Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станцияларының атауы өзгереді

9 Қаңтар 2024, 01:25
1591
Бөлісу:
«Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станцияларының атауы өзгереді
Фото: архив

Біріншісі енді «Астана», екіншісі «Нұрлы жол» деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;

Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.

Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді:

Жетісу облысы:

"БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне;

Қызылорда облысы:

Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;

Маңғыстау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

Атырау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.

Өзгелердің жаңалығы