Нұр-Сұлтан мен Ұланбатыр арасында әуе рейсі 3 маусымда басталады

26 Мамыр 2019, 11:07
2386
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Ұланбатыр арасында әуе рейсі 3 маусымда басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Қалыбек Қобыландин биыл Ұланбатыр қаласының мэрі Сайнбуянгийн Амарсайханға екі ел астаналарын байланыстыратын халықаралық тікелей әуе рейсі іске қосылатынын айтты, деп хабарлады Mongolnow порталы.

Әуе рейсі 3 маусымнан бастап ұшады. Екі тарап бұл мәселені бірнеше рет талқылаған болатын және оны шешу ұзақ уақытты алды. 

Кездесу қатысушылары екіжақты қатынастар мен серіктестік орнату мәселелері бойынша да пікір алмасып, 4 және 5 маусымда Ұланбатырда өтетін "Қазақстан сауда-экономикалық бизнес форумын" ұйымдастыру мәселелерін талқылады. 

Осыған дейін Нұр-Сұлтан – Ұланбатыр арасында SCAT әуе компаниясының тікелей рейсі ұшырылатыны хабарланған болатын. Рейс аптасына екі рет жүзеге асады деп күтілуде. Әуе компаниясы осы рейс арқылы Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодар қалаларының тұрғындарына ыңғайлы ауысып ұшуды қарастырды.

Қазақстандық туристер Моңғолия астанасында 1 мыңнан астам сирек жәдігерлер, соның ішінде динозаврлардың сүйектері сақталған "Моңғол табиғи тарих музейін", Моңғолия - Гандантэгчилэн будда монастырын, сондай-ақ Шыңғысхан алаңы бірегей қонақжай орындарын тамашалай алады.

Еске салсақ, 2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылатыны бұған дейін хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы