НҰР-СҰЛТАН. Бас қала қатаң карантинде, 22-күннен фоторепортаж

9 Сәуір 2020, 16:35
2772
Бөлісу:
НҰР-СҰЛТАН. Бас қала қатаң карантинде, 22-күннен фоторепортаж
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 16 наурыздан бері Төтенше жағдай режимі енгізілді. Індеттің таралуын тоқтату мақсатында 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Ал қазіргі таңда республикамыздың басқа да аймақтарынан вирус жұқтырғандар анықталғаннан кейін карантинге енгізілген өңірлер саны артты.

Редакциямыздың фотографы астанада енгізілген карантин режимін бақылап, тұрғындар мен тәртіп сақшыларын, жалпы қала тынысын объективіне алған еді. Назарларыңызға карантиннің 22-күнінен фоторепортаж ұсынамыз.

 TEMA0853.jpg

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан 6 сәуірге дейін жұмыссыз апта деп жарияланған болатын. Оның мерзімін 13 сәуірге дейін созды.

TEMA0913.jpg

Сондай-ақ, барлық қоғамдық автобус та 13 сәуірге дейін тоқтатылды.

TEMA0952.jpg

7 сәуірде еліміздің біршама аймағында қатты жел болып, салдарынан шатырлар ұшып, адам өміріне зиянын келтірді.

TEMA0722.jpg

Жол патрульдік полицейлері көліктерді қауіпсіздік мақсатында жиі тоқтатып, тексереді.

   TEMA0890.jpg

Абай даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысы. Бұл да бір тарихи сәт.

 TEMA0892.jpg

TEMA0898.jpg

Астана көшелерінен тазалық қызметкерлері мен қауіпсіздікті қадағалап жүрген полицейлерді жиі кездестіруге болады.

 TEMA0941.jpg

Өздеріңіз білетіндей, қалада барлық кафе, ресторан, тез дайындалатын тағам дүкеншіктері жабық.

TEMA0729.jpg

TEMA0911.jpg

Олар тек тапсырыс қабылдау арқылы ғана жұмыс істеп жатыр. Ал тапсырысты клиенттерге жеткізушілер осындай сары қорапқа салып, тағамды жылдам әрі ыстық күйінде жеткізіп беріп жатыр.

TEMA0773.jpg

Астана тұрғындары. Жұмысқа не дүкенге шығарда міндетті түрде маска, медициналық қолғап киіп, сақтанып шыққан дұрыс.

TEMA0912.jpg

Автокөліктер "демалғанда", жолға велосипед шығады.

 TEMA0914.jpg

Дегенмен, жолда жүргенде келеңсіз оқиғаға тап болмас үшін ештеңеге алаңдамай, байқап жүру керек. Бірінші кезекте жол ережесін сақтаңыздар!

   TEMA0730.jpg

Еліміздің барлық аймағында жедел жәрдем көліктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

TEMA0747.jpg

Жастар сарайы. Республика даңғылы. Патрульдік полиция әдеттегідей өз қызметтерін атқаруда.

Республика даңғылы. Бұл - Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі.

Таза ауада тыныстауға шыққан дұрыс. Әйтсе де, айтып келмейтін вирустан сақтануды ұмытып кетпейік.

TEMA0805.jpg

Атырау көпірі. Астананың 20 жылдық мерейтойына елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын осы көпірді Атырау облысы салып берді.

Астанада қазіргі сәтте адам көп жиналатын жер сауда кешендері.

   TEMA0915.jpg

"Гранд Алатау" тұрғын үй кешені.

 TEMA0918.jpg

Серуен көпірі. Есіл жағасында орналасқан. Жаз кезінде астаналықтар мен қонақтардың жиі қыдыратын жері. Осы көпір арқылы Астаналық саябаққа өтуге болады.

TEMA0919.jpg

Кіруге тыйым салынған.

TEMA0906.jpg

Тұңғыш Президент музейі. Керей-Жәнібек хандар ескерткіші. Кіруге тыйым салынған белгілер.

TEMA0924.jpg

Үй жануарын ұстайтындар, дүкенге шығарда итін осылай серуендетсе болады.

   TEMA0934.jpg

Жерұйық саябағы. Барлық саябақ карантинге жабылған.

 TEMA0938.jpg

Мағжан Жұмабаев пен Күйші Дина көшелері қиылысы.

TEMA0940.jpg 

Елордада саябақтармен қоса, ОСО, сауда орталықтары да уақытша жұмыстарын тоқтатты.

 TEMA0944.jpg

"Қазақстан" спорт кешені

 TEMA0942.jpg

TEMA0943.jpg

Кешеннің артындағы серуен саябағы.

Мұнда да тыйым белгілері орнатылған.

 TEMA0945.jpg

"Біз алмайтын асу жоқ!" Еуразия ұлттық университеті студенттерінің ұраны. Еліміздің студенттері 16 наурыздан бері қашықтан оқып жатыр.

   TEMA0931.jpg

Елімізде тек бейбітшілік болсын!

Өзгелердің жаңалығы