Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгертілді

7 Сәуір 2020, 15:36
1210
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.

Бүкіл әлемде және Қазақстанда азаматтық авиация коронавирус пандемиясынан (COVID-19) зардап шеккен салалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибе негізінде авиаторларды қолдаудың түрлі шаралары қарастырылуда.

Алайда, әлемдегі азаматтық авиация саласының, атап айтқанда, Қазақстандағы күрделі жағдайға қарамастан,  коронавирус пандемиясына дейін басталған процестер жалғасуда.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.

Министрлік ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өту қажет. Қазақстан жүргізген жұмыстың арқасында әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қарарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады.

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы