Nur Media холдингінің бас директоры ауысты

10 Шілде 2019, 12:39
1633
Бөлісу:
Nur Media холдингінің бас директоры ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Nur Media холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды», - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Болат Кальянбековке жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Nur Media холдингінің бас директоры қызметін Бөриева Әлия Жарылқасынқызы атқарып келген болатын.
 
Бұған дейін Nur Otan партиясының жаңа хатшысы тағайындалғаны туралы хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы