«NPSO Young Talents». Жас орындаушылар концерті өтті

19 Мамыр 2021, 10:05
1451
Бөлісу:
«NPSO Young Talents». Жас орындаушылар концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана» Концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Симфониялық оркестрінің концерті өтті. 

Дирижер – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты-Қалқаман Дүйсембаев.

Елордалық филармонияның симфониялық оркестрі тыңдарман назарына «NPSO Young Talents» шығармашылық жобасын ұсынды.

Жобаның мақсаты - музыкамны кәсіби түрде оқитын жас орындаушыларды қолдау. Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары оркестрмен жеке өнер көрсетті. Барлық солист республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары.

Жас музыканттардың симфониялық оркестрмен өнер көрсетуі-бұл әрдайым өте құрметке лайық. Себебі бұл мүмкіндік үздіктердің үздіктеріне беріліп, бұл күрделі шығармашылық жарыстардағы талант мен жеңістің нәтижесін көрсетеді.

Өнер көрсеткен жас солистер: Айлана Ермекбаева, Райхан Дуйсенбай, Інжу Мырзабаева (оқытушысы Л.А. Санинаның сыныбы), Тимофей Утегенов, Бекмырза Жанас, Жамиля Далишева, Адель Дуйсенбай (профессор А. К. Кармысова сыныбы) концерттен үлкен тәжірибе алды.

Бағдарлама бойынша Батыс Еуропа композиторлары Людвиг ван Бетховен, Шарль Август де Берио, Феликс Мендельсон, Фридерик Шопен, Жан-Батист Аколлай, Франсуа Борн, Фридрих Зейцтің шығармалары орындалды.

Өзгелердің жаңалығы