Новак Джокович пен Рафаэль Надаль елордада өнер көрсетеді

6 Тамыз 2019, 12:10
1890
Бөлісу:
Новак Джокович пен Рафаэль Надаль елордада өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әйгілі теннис спортының жұлдыздары Нұр-Сұлтанға келеді. Бұл туралы elorda.info сайты хабарлады. 

«Шара барысында жиналған қаржы қайырымдылыққа бағытталады. Кәсіби теннисшілер қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастап тұрған Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өзара 54 ресми матч өткізген. Рафаэль Надаль бұған дейін 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан астанасында француз Джо-Вилфред Тцонгқа қарсы демонстрациялық ойын өткізген болатын», - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап айтулы теннис бәсекесіне билет сатылымға түсті. Ең төменгі баға - 3 мың теңге, ең қымбаты - 100 мың теңге.



Өзгелердің жаңалығы