Норвегияның бас бапкері Қазақстан қақпасына гол соға алмауларының себебін айтты

7 Қыркүйек 2024, 12:31
6973
Бөлісу:
Норвегияның бас бапкері Қазақстан қақпасына гол соға алмауларының себебін айтты
Фото: prosports.kz

Футболдан Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстанмен арада күні кеше өткен матчқа қатысты өз бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

В лиганың ІІІ-тобының бірінші туры аясында 6 қыркүйекте Норвегия мен Қазақстан құрамасы Алматыда кездесті.

Біз көп қауіпті сәттер тудырамыз деп жоспарлаған едік. Алайда, Қазақстан құрамасы өте батыл әрекет етіп, қорғаныста сапалы нәтиже көрсетіп, қарсы шабуылға да шыға білді. Оларда ойынға үш орталық қорғаушы шықты, осы шешім тактикалық тұрғыдан сауатты болды, - деді Сольбаккен.

Сондай-ақ, Норвегия құрамасының бас бапкері Эрлинг Холандтың өнеріне баға берді. Форвард - әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі және өз ұлттық құрамасының қазіргі ойыншылары арасындағы үздік бомбардирі.

Менің ойымша, ол жақсы ойнады, қауіп төндіре білді. Оның гол соғуына жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ, өкінішке қарай, барлығы сәтсіз шықты. Бұл жағдайда Эрлингтің өзегін өкініш өртері сөзсіз, - деп сөзін қорытындылады Сольбаккен.

Айта кетсек, 6 қыркүйекте кешқұрым уақытта Алматыда Қазақстан мен Норвегия құрамасы кездесті. Норвегия айқын фавориттер қатарына жатса да Қазақстан құрамасын жеңе алмады. Есеп - 0:0.

Өзгелердің жаңалығы