Норвегияда фотошоппен өңделген суреттерді жариялауға тыйым салынды

7 Шілде 2021, 14:02
4456
Бөлісу:
Норвегияда фотошоппен өңделген суреттерді жариялауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияда әлеуметтік желіге фотошоппен өңделген суреттерді  арнайы белгісіз жариялауғы тыйым салынды, деп жазды centralasia.media. 
 

Жаңадан енгізілген талап Instagram, Facebook, Snapchat, TikTok және Twitter-дегі посттарға қатысты. 

Егер блогер немесе инфлюенсер суретте жүзіне өзгеріс енгізіп, оны жақсарту үшін маска мен фильтр қолданса, суретті желіге жарияламас бұрын редакцияланғанын білдіретін белгі қоюы тиіс. 

Бұл бастаманың мақсаты – сұлулық туралы жалған стандарттың қалыптасуына тосқауыл қою. Заң шығарушылардың айтуынша, жастар мен жасөспірімдер сол стандарттарға ұмтылып, түрлі әрекеттерге баруда. 

Отбасы және балалар істері туралы министрліктің Маркетинг туралы заңына өзгеріс енгізу туралы бастамасын ел парламентіндегі 75 депутат қолдады, 15-і қарсы болды. 

Заң Норвегия королі Харальд бесінші қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы