Нөмірін скотчпен жауып, айыппұлдан қашпақ болған жүргізуші ұсталды

Айыппұлдан жалтармақ болған 21 жастағы жүргізуші нөмірінің бір цифрын скотчпен жауып тастаған. Бірақ камерадан жасырыну оңай болмады.

17 Тамыз 2026, 18:09
АВТОР
 видеодан алынған кадр 17 Тамыз 2026, 18:09
17 Тамыз 2026, 18:09
135
Фото: видеодан алынған кадр

Жетісу облысының полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану фактісін анықтады.

Құқық бұзушы көршілес өңірдің 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол «Toyota Camry» автокөлігімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойымен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөміріндегі цифрлардың бірін скотчпен жауып қойған.

Құқық бұзушылығы бейнебақылау камералары арқылы тіркелді. Заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлады Жетісу облысының Полиция департаменті.

Тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Енді оған бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі өзгерту немесе жасыру заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Құқық бұзушылықты жасыруға бағытталған кез келген әрекет анықталып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады, - деп ескертеді облыстық ПД.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда жалған қазақстандық нөмір таққан автокөлік ұсталған еді. Жол талғамайтын көлікке жыпылықтайтын жарық сигналдары да заңсыз орнатылған.

Тағы оқи отырыңыз: Нөмірін жасырып, камерадан қашпақ болды: Жамбылда шетелдік жүргізуші қамауға алынды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх