Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жол милициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таққан автокөлікті анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Қырғызстан Республикасы ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шолпан-Ата қаласында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде инспекторлар жалған қазақстандық мемлекеттік нөмірлер орнатылған Toyota Highlander автокөлігін тоқтатқан. Бұдан бөлек, көлікке жарқылдауық жарық маяктары да заңсыз орнатылып, пайдаланылған.
Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Аталған дерек бойынша материалдар Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделді. Қазіргі уақытта жалған тіркеу белгілерін пайдалану мән-жайы мен олардың қайдан алынғаны анықталып жатыр, - делінген хабарламада.