Ноғаев Жаңаөзендегі жарылысқа не себеп болғанын айтты

19 Сәуір 2023, 13:40
808
Бөлісу:
Ноғаев Жаңаөзендегі жарылысқа не себеп болғанын айтты
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға орнында Нұрлан деген азамат болған. Ол азаматтың ағасы жансақтау бөлімінде жатыр. Сол жерде (жарылыс болған жерде –ред.), апат болған үйдің қасында газ бөлу қондырғысы тұрғаны анықталды. Соның көшеге дейінгі негізгі газ желілеріне жеткізетін жеріне су құбыры өткізілген. Салып жатқанда ағам «бұл дұрыс емес» деп айтты дейді. «Су құбырын өткізгенде газ құбырына қандай да бір зақым келеді, газ шығуы мүмкін, сосын жарылыс болуы мүмкін» деген. Осы бір нұсқасы бар, - деді өңір басшысы Үкіметтің кулуарында берген сұхбатында.

Айтуынша, болған жайттың анық-қанығын арнайы комиссия анықтайды.

Қазір құрылған комиссия осы және өзге нұсқалардың бәрін тексеріп, анықтайды. Газ қызметінің әріптесі осы мәселені шешеді. Содан кейін ғана ресми жауап береміз. Жаңағы айтқан нұсқа да күн тәртібінен түспейді, - дейді Нұрлан Ноғаев.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 13-ке жуық адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза болып, 4 пәтер қирады. Сондай-ақ Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы