Ноғаев Түркия Республикасының құрылған күніне арналған қабылдауға қатысты

30 Қазан 2021, 12:12
430906
Бөлісу:
Ноғаев Түркия Республикасының құрылған күніне арналған қабылдауға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қазанда Түркияның Ақтаудағы Бас консулдығы Түркия Республикасының құрылғанына 98 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды Түркия Республикасының құрылған күнімен құттықтады.

Ноғаев Түркия Республикасының құрылған күніне арналған қабылдауға қатысты

Түркия Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған әлемдегі бірінші ел болды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында екі ел арасында саяси-экономикалық және ғылыми берік қатынас орнады. Бұл үрдісті бүгінде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев үлкен абыроймен жалғастырып, Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен ынтымақтастықты дамытып, татулық пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. Біз өз тарапымыздан жоғарғы басшылықтың тапсырмасына сай осы берік қарым-қатынасты одан да тереңдетіп, дамытамыз деген сенімдемін,-деді облыс әкімі.

Бүгінде Түркия Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқарады. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында облыс пен Түркия сауда айналымы 93,1 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 52,4 млн АҚШ доллары.

Ноғаев Түркия Республикасының құрылған күніне арналған қабылдауға қатысты

Айта кетсек, Маңғыстау облысының аумағында түрік капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 86 кәсіпорын тіркелген.

Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Ақтау іргесіндегі «Жылы жағажай» аумағында инвестициялық құны 100 млрд теңге болатын 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. «Сауда қалашығы» мен «Гольф-клуб» демалыс кешенінің ашылуы 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы