Ноғаев : Тазалық пен тәртіп — ортақ жауапкершілік

25 Желтоқсан 2023, 22:00
520
Бөлісу:
Ноғаев : Тазалық пен тәртіп — ортақ жауапкершілік
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстауда заңсыз қоқыс шығару мәселесі өте өзекті болып қала береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірнеше жыл бұрын Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ олардан 50 шақырым радиуста заңсыз нүктелерді анықтау үшін ғарыштық түсірілімдер іске қосылды. 2024 жылдан бастап мұндай түсірілім аудан орталықтарында да жүргізілетін болады.

2023 жылдың мамыр айының басынан бері аймақтың ғарыштық түсірілімі жүргізіліп, нәтижесінде 111 полигон табылды. Оның 9-ы Ақтауда, 66-ы Жаңаөзенде, 30 – ы Мұнайлы ауданында, 6-ы Түпқараған ауданында. Қазіргі уақытта 84 нысан жойылды, бұл жоспарланған жұмыстардың 76%.

Ағымдағы жылдың қазан айында Жаңаөзенде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін тазарту үшін «Asu Oil Trade» ЖШС мердігерімен 170 миллион теңге сомасына келісімшарт жасалды. Олар 35 гектар аумақта 13 380 тонна қоқысты өңдеу қажет. Сондай-ақ, желтоқсан айында Ақтауда рұқсат етілмеген қоқыс қоймаларын тазарту жұмыстары үшін сол мердігермен 84 миллион теңгеге келісімшартқа қол қойылды. Мұнда 2,5 гектар аумақта 40 000 тонна өңдеу жоспарлануда.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 99 адамға қатысты жалпы сомасы 4 524 000 теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, ос кодекстің 434-бабының 2-тармақшасы бойынша 7 461 адамға қатысты жалпы сомасы 88 738 000 теңгеге әкімшілік хаттамалар жасалды.

Маңғыстау облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін әкімдік Шетпе ауылындағы қалдықтарды кәдеге жарату және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен карьерлерді жою бойынша 2023 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңді қамтитын арнайы бағдарлама әзірледі.

Кеңесте Нұрлан Ноғаев заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырып, облысымыздағы тазалық пен тәртіп — ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

Әр түрлі жерлерде пайда болатын полигондар біздің аудандардың сыртқы түріне ғана емес, қоршаған ортаға да кері әсер етуі мүмкін. Облыстың әрбір тұрғынын осы мәселені шешуге қатысуға шақырамын. Жауапты ұйымдар мен уәкілетті органдар арасында үйлесімді жұмыс ұйымдастыруды тапсырамын. Әр адам біздің табиғатымызды сақтауға өз үлесін қосып, Маңғыстауды біз үшін және болашақ ұрпақ үшін одан да тартымды етуге тиіс, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Өзгелердің жаңалығы