Ноғаев: Президент мұнай-химия саласын дамытуға қатысты нақты тапсырма берді

16 Қараша 2020, 22:54
2010
Бөлісу:
Ноғаев: Президент мұнай-химия саласын дамытуға қатысты нақты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына жұмыс сапары барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС-ның жағармай материалдарын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.

«ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС жағармай материалдарын өндіру зауыты («Лукойлдың» 100% еншілес компаниясы) 2019 жылы ашылды және дайын майларды шығару мақсатында майлар мен қоспалардың базалық компоненттерін компаундирлеу (араластыру) процесіне арналған.

Зауыттың қуаты жылына 100 мың тонна жағармай материалдарын құрайды және тауарлық, мотор, өндірістік, трансмиссиялық майлардың 700-ден астам түрін өндіре алады.

Сапарды қорытындылай келе Нұрлан Ноғаев министрліктің мұнай-химия саласын дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіне Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына түзетулерді (2000 және 2009 жылдары енгізілген) ратификациялау мүмкіндігі туралы мәселені енгізуге бастамашылық жасады. Бұл қадам болашақта «СТ-1» сертификатын алу арқылы мұнай-химия өнімдерін экспорттау рәсімін жеңілдетеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылына жалпы қуаты 145 мың тонна жағармай материалдарын шығаратын 4 кәсіпорын жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұнай-химия саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Үкімет бұл тапсырманы орындау үшін қазірдің өзінде белгілі бір рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді алып тастау, мұнай-химия саласындағы бәсекелестік ортаны дамыту үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты шараларды қабылдауда. Бұл отын-энергетикалық кешенін дамытудың басым бағыттарының бірі. Онда жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі - деді Нұрлан Ноғаев.
Өзгелердің жаңалығы