Никарагуа Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді

Дау Италияның Никарагуадан бұрынғы «Қызыл бригадалар» террористік ұйымының мүшесі Алессио Казимирриді экстрадициялауды талап етуінен кейін ушықты. Сонымен қатар Антонио Таяни Никарагуаны «экстремистік ел» деп атаған.

 depositphotos.com/dimarik 17 Шілде 2026, 08:22
17 Шілде 2026, 08:22
151
Фото: depositphotos.com/dimarik

Никарагуа билігі Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетінін мәлімдеді. Бұған Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таянидің мәлімдемелері себеп болған.

Никарагуа Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министрдің айтқан сөздері негізсіз, агрессивті әрі жауапсыз сипатта болған және ел халқы мен үкіметін қорлаған.

Дау Италияның Никарагуадан бұрынғы «Қызыл бригадалар» террористік ұйымының мүшесі Алессио Казимирриді экстрадициялауды талап етуінен кейін ушықты. Сонымен қатар Антонио Таяни Никарагуаны «экстремистік ел» деп атаған.

Никарагуа тарапы бұған дейін екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен түсіністікке негізделгенін айтып, қазіргі жағдайға өкініш білдірді.

Алессио Казимирри Италияда бірнеше террорлық қылмысқа, соның ішінде 1978 жылы елдің бұрынғы премьер-министрі Альдо Мороның өлтірілуіне қатысы бар деп танылып, алты мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сырттай сотталған. Ол ұзақ уақыттан бері Никарагуада тұрып келеді, ал Италия бірнеше рет оны экстрадициялауды сұраған.

Наверх