Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нигерияда паром апатынан 37 адам қаза тапты

18 Мамыр 2025, 22:27
266
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан кемінде 37 адам қайтыс болды. Бұл туралы The Cable жаңалықтар порталы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасымалдау кезінде апатқа ұшыраған қайықтағы жолаушылар Нигер штатындағы қауымдастықтарына оралған саудагерлер болған. Олар Гбаджигбо ауылындағы базар жабылғаннан кейін үйлеріне қайтып бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдайдың негізгі себебі – кеменің шамадан тыс жүктелуі. Билік өкілдері апат кезінде қайықта нақты қанша адамның болғанын әлі нақтыламаған. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, биыл мұндай қайғылы жағдайлар бірнеше елде тіркелді. Мысалы, 28 сәуірде АҚШ-тың Флорида штатындағы Клируотер қаласының маңында жолаушылар паромы қайықпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған еді. Бұл оқиғадан кейін паром құрлыққа тоқтап, жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы