Нидерландыда «омикрон» штамы салдарынан локдаун жарияланды

19 Желтоқсан 2021, 18:47
1197
Бөлісу:
Нидерландыда «омикрон» штамы салдарынан локдаун жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Нидерландыда жаңа локдаун басталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Марк Рютте хабарлады деп жазады Reuters агенттігі.

Мұндай шешімді республика үкіметі коронавирустың жаңа штамы – «омикронның» таралуына жол бермеу үшін қабылдаған.

Нидерланды тағы да жабылды. Бұл жаңа нұсқамен бірге орын алуы мүмкін бесінші толқынды болдырмас үшін қажет, - деді Марк Рютте. 

Ал нидерландылық NOS телекомпаниясының хабарлауынша, жаппай өзін-өзі оқшаулау режимі жергілікті уақыт бойынша 05:00-де басталып, 14 қаңтарға дейін созылады. 

Елдегі дәмхана, мейрамханалар мен алғашқы қажеттілік тауарларын сатпайтын дүкендер жабылады. Сондай-ақ мәдени және спорттық мекемелер жұмыс істемейді.

Өзгелердің жаңалығы