Нидерланды ең ірі газ кен орнын жабады

24 Маусым 2023, 11:39
807
Бөлісу:
Нидерланды ең ірі газ кен орнын жабады

Нидерланды сейсмологиялық қауіпке байланысты 1 қазаннан бастап елдің солтүстігіндегі Гронинген кен орнында газ өндіруді тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап жазды.

Гронинген кен орны — әлемдегі ең ірі әрі айтарлықтай шикізат қоры бар газ кен орындарының бірі. Бірақ соңғы ширек ғасырда бұл аймақта кен орнын игеруге байланысты жер сілкінісі жиілеп кеткендіктен, жұмысты тоқтатуға мәжбүр етті.

90-шы жылдардың ортасынан бері тау-кен аймағында жүздеген жер сілкінісі тіркеліп, магнитудасы 3,4-ке жеткен.
Сонымен бірге, ел билігі энергетикалық дағдарыс кезінде өндірісті қысқа мерзімде қалпына келтіруге болатындай бірнеше өндірістік алаңдарды сақтайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы