Нейрохирургия орталығы ашылғалы 30 мыңдай ота жасалды – Серік Ақшолақов

7 Сәуір 2022, 13:24
2774
Бөлісу:
Нейрохирургия орталығы ашылғалы 30 мыңдай ота жасалды – Серік Ақшолақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, білікті нейрохирург Серік Ақшолақов айтты. 

Танымал дәрігердің мәлімдеуінше, келесі жылы нейрохирургия орталығының ашылғанына 15 жыл толады. 

2008 жылы жазда орталығымыз өз жұмысын бастаған еді. Содан бері 30 мыңдай ота жасалды. Келесі жылы орталықтың 15 жылдығын атап өту жоспарда бар, - деді нейрохирург.

Сонымен қатар ол орталықтың ауыз толтырып айтар жетістіктері көптігін алға тартты. 

Қазақстанда нейрохирургия саласындағы жалғыз орталық болғандықтан ми мен жұлынға жылына 4 мыңға дейін ота жасаймыз. Соның шамамен 80%-ы – елімізде осы орталық ашылмай тұрғанда жасалған операциялар. Олар жаңа технологияны, жаңа аппараттарды қолдана отырып жасалады. Сондықтан біздің ең бірінші жетістігіміз – бұрын шетелге барып алуға тура келетін ем, оталардың өз елімізде қолжетімді болуы, - деді Серік Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы