Жаңалықтар
-
-
ҚР СІМ хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17.01.2019
-
Тиынға төмендеген тарифтер
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың қараша айында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елдегі тарифтерді төмендету бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе үкіметтің кезекті отырыстары мен ел өңірлеріндегі жергілікті атқарушы биліктің жиын-кеңестерінде қызу талқыланып, оны жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданды.
17.01.2019
-
Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, бұл бағыт Елбасымыз жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбеліктерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қазіргі уақытта жастар үшін өзекті мәселелердің бірі - өз баспанасының болмауы болып тұр. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті», - деді Нұрлан Күнтуов.
Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа
дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1
бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаңы үшін бастапқы
жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңгені, ал ай сайынғы төлем 35 мың теңгені
құрайды.
17.01.2019
-
Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Алматыдағы ауданаралық қылмыстық сотта Денис Теннің өліміне қатысты іс мәресіне жетті. Соттың үкімімен айыпталушылар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Соттың айыптау үкімімен Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде қамау талап етілді.
Ал, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі айтылып, оны да қауіпсіздігі жоғары мекемеге қамауды талап етті.
Сондай-ақ, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовқа 30 АЕК көлемінде, Ж. Толыбаеваға 20 АЕК көлемінде қаржылай айып өндіруге міндеттелді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Көп ұзамай сотталушы Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева қамауға алынған еді.
Әділет МҰСАХАЕВ
17.01.2019
-
Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапар құжаттарын тапсыру жеңілдетілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері іссапарда болғаны тек жол жүру билетін немесе отырғызу талонын тапсыру арқылы растай алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қ
17.01.2019
-
Еліміздің үш өңірінде жел күшейеді
Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері республиканың бірнеше аймағында желдің екпіні күшейіп, бұрқасын болады деп болжайды «Қазгидромет» РМК мамандары.
18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында 18 қаңтарда көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ 18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.
18 қаңтарда Түркістан облысының тұман, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, күннің екінші жартысында екпіні 25 м/с желдің күшеюі мүмкін.
Түркістан аласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
17.01.2019
-
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Астана, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
«Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызынан бері басқарып келген еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты» делінген федерацияның Инстаграм парақшасында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
17.01.2019
-
Қарағандыда қатты қаптамасы бар дәрілер өндірісі іске қосылды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылық фармацевттер жаңа теxнологиялар енгізді. «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік xолдингі елімізде алғашқылардың бірі болып қатты қабығы бар дәрілер өндірісін іске қосты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
«2016 жылы қарағандылық ғалымдар аталмыш жобамен байқауды жеңіп, нәтижесінде Ғылым қорымен 100 млн теңге бөлінді. Препаратты бірден «Арглабин нативный» жұмыс атауымен тіркеді. Қазіргі таңда ол клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Дегенмен қазірдің өзінде аталмыш иммунтүрлендіруші шет елдік баламаларынан кем түспейді деп айтуға болады. Бұған қоса оның өзіндік артықшылығы бар – оның құны импорттық дәрілерден анағұрлым арзанырақ», – деді «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.
«Фитохимия» ХҒӨХ бас директоры Серғазы Әдекеновтың айтуынша, таныстыруға келген израилдік фармацевтер мен бизнесмендер қарағандылықтармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда. Келешекте олар осында дәрілік субстанция алып келіп, қатты қаптамамен қаптап, Қазақстанда тіркейді және xалықаралық нарыққа жылжытады.
Қатты қаптамадағы дәрілер ішуге ыңғайлы, себебі дәрмектің ащы дәмі сезілмейді. Сонымен қатар бағытты әсер етуінің арқасында дәрінің тиімділігі артады.
«Бүгінгі таңда Қарағандыда 17 кәсіпорынды біріктіретін фармацевтикалық кластер сәтті жұмыс істеуде. Кластердің ең басты өлшемшарттарының бірі инновациялық теxнологияларды енгізу болып табылады», – деп атап өтті Серғазы Әдекенов.
«Ғылым қоры» АҚ «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ бірлесіп «Тұпнұсқалы иммунтүрлендіруші дәрмекті өндіруді және жаңа сынақ препараттарын шығаруды ұйымдастыру» атты гранттық инновациялық жобаны жүзеге асыруда.
17.01.2019
-
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті
Астана, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеңесінің отырысы өткізілді. Онда сержанттар құрамының ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізіліп, сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.
Қорғаныс министрлігінің баспа
17.01.2019
-
Жұмыссыздар сұранысқа ие мамандықтарды игеруде
Астана, BAQ.KZ. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астананың жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу курстарымен 733 адамды қамтыды, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Курстар мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кран машинисі (краншы), мастер-шаштараз, тігінші, электромонтер, лифтер, бақылаушы-кассир, наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, әкімші, слесарь-сантехник, аспаз, сауда менеджері, маникюр шебері, массажист, кондитер, автоэлектрик, слесарь КИПиА, "Д" санатты жүргізуші, әлсіз ток жүйелерінің шебері, автокөлікті жөндеуші слесарь сияқты мамандықтар бойынша ұйымдастырылды.
«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға қыркүйек айында 1050 адам түсті. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ге дейін 77 мемлекеттік грант берілген», - деп мәлімдеді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.
Басқарманың мәліметіне қарағанда, биылғы Жастар жылы аясында жастарды жұмысқа орналастыруға жоғары көңіл бөлінеді. Жастар үшін мамандықтар жәрмеңкелері өткізіліп, оларға жастар тәжірибесінен өту жолдамасы, мамандық бойынша нақты бағыт берілетін болады.
17.01.2019
-
Таразда «SmartСот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр
Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты істерді электрондық форматта қарау практикасына жоспарлы түрде көшуде.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше смартфонда жүктелген «TrueConf» ұялы қосымшасы арқылы скайп-камералармен онлайн түрде қосылудың мүмкіндіктері кеңеюде.
2018 жылы облыстың соттарына 7 242 әкімшілік іс жіберіліп, оның ішінде 383 азаматтық және 348 әкімшілік іс бойынша «TrueConf» қосымшасының мүмкіндіктері пайдаланылған.
Сонымен қатар істерді электрондық форматта қарау бюджеттік қаражаттарды едәуір үнемдеп, ведомстволық мұрағаттардың жүктемесін айтарлықтай азайтатынын көрсетіп отыр.
Осылайша, «SmartСот» жаңа ақпараттық технологияны қолдану жолымен сот талқылауын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
17.01.2019
-
Алматы облысында жас мамандарға 109 үй салынуда
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жас мамандарға 109 тұрғын үй салынуда. Соның ішінде 20 үй салынып бітіп, пайдалануға берілген. Ал 89 үй биылғы жылы салынады. Салынған үйдің құрылыс сапасымен облыс әкімі Амандық Баталов ауданға жасаған сапары барысында танысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан тұрғындары Мемлекет басшысының шешімімен шекаралық аймаққа ерекше көңіл бөлініп, Нарынқол жаңа ауданның орталығы болғанына және мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға деген қуаныштарын жасырмады. Жұмыс нәтижелері бір жылға жуық уақыттың ішінде көріне бастады. Жолдар жөнделді, жарықтандыру жүргізілді, тұрғын үйлер салынды, балалар алаңдары мен спорттық алаңдар пайда болды, ең бастысы ауданға жастар орала бастады.
Елбасының Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту ең маңызды мәселелер қатарында. 20 жалға берілетін үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн теңге бөлініп, үйлер пайдалануға берілген.
Өңір басшысы алдымен өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін аралап көрді. Мұнда полиция қызметкерінің жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.
Алматы облысында өткен жылы осындай тұрғын үймен біріктірілген 167 УПП салынған болатын. Сондай-ақ Амандық Баталов берілетін 89 үйдің ішінен полиция қызметкерлеріне де үй беруді қарастыру керектігін атап өтті. Сол сияқты Нарынқол шекара завставасының да қызметімен танысты.
«Жалпы ауданда жұмыс жақсы жүріп жатыр. Әлі де атқарылатын іс көп. Мемлекет қолдауының арқасында біздің мүмкіншіліктеріміз мол, барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Қолға алынып жатқан жобалардың сапасы бірінші кезекте талап етілетін болады», - деді Амандық Баталов.
17.01.2019
-
Жапонияда роботтар жұмыстан қысқартылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Робот қызметкерлері бар әлемдегі алғашқы қонақ үйде 243 роботтың тең жартысы жұмыстан қысқартылмақ.
Адамдарды роботпен алмастырған отель 2015 жылы Жапонияда ашылған. Ондағы әкімші, тазалаушы, жүк тасушы және көмекшінің қызметін түрлі роботтар атқарып келген. 2019 жылдың қаңта
17.01.2019
-
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Асxат Аймағанбетов тағайындалды. Бұл жайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі xабарлады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 36 жастағы Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
«Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. «Аңсар» Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.
2012-ші жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім басқармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен», - делінген xабарламада.
Жібек Мұқашева
17.01.2019
-
Қарағандыда арзан ұялы телефонға ие болғысы келгендер алданып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 33 жастағы азамат бағасы арзан ұялы телефон сатумен айналысамын деп тұрғындарды алдап, тақырға отырғызған. «Аңқау елге арамза молда» болған алаяқ шамамен 50 миллион теңгені қолды еткен. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды.
2017 жылы қала тұрғыны Қарағанды облысы мен Астана қаласының аумағында ұялы телефондарды сатумен айналысатын фирма ашқан. Ол өзінің қылмыстық әрекетін іске асыру үшін жоспар құрған. Жоспар бойынша «кәсіпкер» клиенттеріне соңғы үлгідегі ұялы телефондарды нарықтағы бағасынан төмен бағада ұсынған. Алаяқ клиенттерімен өзара сату-сатып алу келісімшартына отырып, оларға тауарды міндетті түрде жеткізетіндігін айтып, телефонның 100 пайыз құнын алып отырған.
«Ол клиенттерінің сеніміне кіру үшін алдын-ала дайындалған буклеттерді, прайс-парақшаларды, сондай-ақ телефон маркасын таңдауға арналған әлеуметтік желідегі парақшасын көрсеткен. Алаяқ келісімшартта көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін әртүрлі сылтаулармен уақыт оздырған. Ол тұтынушыларына тауардың кешігіп жатқанын, шекарада бірқатар мәселелер туындағанын айтып, алдаған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты тергеу жүргізілуде. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы, 3-тармағына сай іс қозғады», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытдан Құдияров.
Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың ісінен жапа шеккендердің Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне xабарласуға кеңес береді.
Жібек Мұқашева
17.01.2019
-
«Болашақтың» түлегі ауылда сабақ беріп жүр
Ақмола, Baq.kz тілшісі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Королева Мария Университетін ойдағыдай бітіріп келген Айтмұхамед Қалмаханов Целиноград ауданындағы Қызылсуат ауылындағы мектепте информатика пәнінен сабақ беріп жүр. Бұл шетелден оқып келген талай жасқа өнеге боларлық іс.
17.01.2019
-
«Депутат» энциклопедиясы жарық көрді
Астана, BAQ.KZ. Астанада еліміздің барлық деңгейдегі депутаттарының өмір жолы мен атқарған жұмыстарын қамтыған «Депутат» энциклопедиясының тұсау кесері өтті.
Бұл еліміздегі барлық деңгейдегі депутаттар енгізілген алғашқы басылым болып отыр. Энциклопедия негізінен бес бөлімнен т
17.01.2019
-
Елімізде 6 млн адамның баспана алуына несиесі кедергі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар қолжетімді ипотека алмас бұрын банктердегі тұтынушылар кредитін қайтаруы тиіс. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
17.01.2019
-
2018 жылы елімізде 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Астана, BAQ.KZ.2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн. тенге инвестиция салынды. Ол 2017 жылдан 8,1 пайызға артық. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспасөз конференциясында айтты.
17.01.2019
-
ТҮҚЖБ: 2250 әскери қызметші пәтер алды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы әскери қызметшілер ТҮҚЖБ-дан 70 мың шот ашқан. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
17.01.2019
Наверх