<p>
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.
</p>
<p>
Спикердің айтуынша, бұл бағыт Елбасымыз жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбеліктерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
</p>
<p>
«Қазіргі уақытта жастар үшін өзекті мәселелердің бірі - өз баспанасының болмауы болып тұр. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті», - деді Нұрлан Күнтуов.
</p>
Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа
дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1
бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаңы үшін бастапқы
жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңгені, ал ай сайынғы төлем 35 мың теңгені
құрайды.