Жаңалықтар
-
-
Қордайдағы төбелес. Суреттер сөйлесін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылындағы жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелес қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде түрлі видеолар мен суреттер тарап, халық арасында түрлі сұрақтар туындатты. Оқиғаның ақ-қарасын ажырату үшін ҚР президентінің тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Қамауға алынған 44 адам босатылды – Мырзахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Масанчи ауылындағы жанжал кезінде ұсталғандардың 44-і босатылды. Бұл туралы оқиға орнында жүрген BaigeNews.kz тілшісі хабарлады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Билік органдары ақпаратты бүкпесіз жариялауда – Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында Қордайдағы жағдайға қатысты ресми ақпаратқа жүгініп, Үкіметтік комиссия жұмысының нәтижелерін күту қажеттігін айтты.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Көлгінов қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Facebook-тегі парақшасында қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты.
08.02.2020
-
Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam жарысы басталады. Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Ассамблея мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай – Байбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Көз жұмғандардың аты-жөні жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады sputniknews.kz.
08.02.2020
-
Коронавирус: Алматыда алдын алу шаралары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Сегіз адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 8 ақпанда Қордайдағы төбелестен бас сүйек-ми жарақаттары мен оқ жарақаттары бар бірнеше ауыр науқас Алматыдағы екі емханаға жеткізілді. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы Бердібек Сапарбаев айтты.
08.02.2020
-
Федерер мен Надаль арасындағы ойында рекорд тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Кейптаундағы футбол стадионында өткен швейцариялық Роджер Федерер мен испандық Рафаэль Надаль арасындағы көрме матчы келушілердің рекордын орнатты, деп хабарлайды France Presse.
08.02.2020
-
ОҚМПУ ректоры қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес: Ауыр жарақат алған екі адам Алматыға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқ тиіп жараланған екі ауыр науқас Алматыдағы клиникаға жеткізілді.
08.02.2020
-
Қайғылы хабар жетіп жатыр, жан ауыртады – Сауытбек Абдрахманов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов Қордайдағы оқиға қатысты пікір білдірді.
08.02.2020
-
Дабырмен емес, сабырмен көп нәрсені шешкен халықпыз – Бақытбек Смағұл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы төбелеске қатысты пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Қазақ жігіттерін кінәлай алмаймын – Асанәлі Әшімов
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шыдамымыз таусылған тұста ғана шарт кететініміз қанымызда бар қасиет, дейді КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Үкімет комиссиясы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
08.02.2020
-
Қазақтың саны да, сапасы да артып келеді – демограф
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мен өзім жоғары оқу орнында сабақ беремін. Мәселен орыс тобында 3-4 бала оқыса, қазақ бөлімінде 20-дан асады. Аз студент үшін қаншама оқытушыны ұстау керек, ол қып-қызыл шығын. Ауғанстан сияқты елден келген студенттер арқылы орыс тобын толықтырып отыр. Оның бәрі қолдан жасалған. Уақыт өте келе орыс тобын ұстап отыру тиімсіз болып қалады. Бұл туралы демограф, саясаттанушы Әзімбай Ғали сұхбат барысында айтты.
08.02.2020
-
#FedCup2020. Қазақстан мен Бельгия тең келе жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогындағы алғашқы ойындарын аяқтады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Ақсақалдарымызды тыңдайық – Үшкемпіров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, осы өңірдің тумасы Жақсылық Үшкемпіров пікір білдірді.
08.02.2020
Наверх