Жаңалықтар
-
-
Атырауда тағы бір дәрігер коронавирустан көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. 18 шілде күні №4 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл Атыраудағы коронавирустан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, деп жазды Ақжайық басылымы.
19.07.2020
-
Twitter Трамп салған видеоны өшіріп тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекет басшысы сайлауалды бейнеролигінде америкалық Linkin Park рок-тобының әнін пайдаланған. Әннің авторлары авторлық құқықтың бұзылғандығына шағымданды.
19.07.2020
-
Тағы бір облыста қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі
Алматы, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты.
19.07.2020
-
Ақтау тұрғындары дәрі тапшылығына наразылық білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Ақтауда дәрінің жетіспеушілігіне наразылық танытқан тұрғындар алаңға шықты.
19.07.2020
-
Атақты футболистке 8 жыл бойы Испанияға кіруге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның атынан бірнеше жыл өнер көрсеткен португалиялық қорғаушы Рубен Семеду Испанияда бірқатар қылмыс бойынша сотталды.
19.07.2020
-
Жеңіл атлетикадан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. World Athletics ресми сайтында келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасындағы жеңіл атлетика кестесі жарияланды деп жазды Olympic.kz.
19.07.2020
-
Американың әйгілі баспасы Қырымбек Көшербаевқа алғыс білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың атына Америкадағы әйгілі "Amazon Crossing" баспасының директоры әрі бас редакторы Гэбриелла Пейдж-Форттан алғыс хат келіп түсті, деп жазды Facebook-те жазушы Роллан Сейсенбаев.
19.07.2020
-
Еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ертең өткінші жаңбыр жауып, найзағайлы дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
19.07.2020
-
Триатлоннан Қытай мен Бразилиядағы кубоктік кезең өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. World Triathlon атқарушы комитеті әлем кубогінің екі кезеңі өтпейтінін мәлімдеді.
19.07.2020
-
Қарағандыға он жеті тонна дәрі-дәрмек жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыға COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар дерттерді емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы келіп түсті. Медикаменттерді чартерлік рейспен ресейлік Нижний Новгород қаласынан жеткізді.
19.07.2020
-
Әл-Фараби мұрасы Оксфордтағы ғылыми симпозиумның басты назарында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оксфорд университетінің базасында Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған "Әл-Фараби: өмірі мен мұрасы" атты халықаралық ғылыми симпозиумы өтті.
19.07.2020
-
Елордадағы орталық көшелердің бірі жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейбітшілік көшесі 20-23 шілде аралығында жабылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
19.07.2020
-
Карантинді жыл соңына дейін созу ұсынылды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды. Бұл туралы Локшин Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп жазды altaynews.kz.
19.07.2020
-
Иран президенті елде 25 млн халық вирус жұқтырғанын мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы басталғалы Иранда бұл сырқатқа 25 миллион адам шалдықты. Бұл туралы індетпен күресудің Ұлттық штаб жиналысында Иран Республикасының президенті Хасан Роухани мәлімдеді, деп хабарлады "Хабар 24".
19.07.2020
-
Қылмыскерді қуған полиция оның ізімен 13 қабаттан секірді
Алматы, BAQ.KZ. 36 жастағы полиция қызметкері Бақытжан Бакиров педофилді ұстамақ болып 13 қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.
19.07.2020
-
Кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысы – еңбек адамының құқын қорғау
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік болсын, жекеменшік жұмыс орны болсын жұмысқа қабылданар кезде нені білуі шарт? Қандай заңға сүйеніп, өз құқын қорғай алады? Жұмыскерлер жапа шеккен жағдайда қай мекемеге баруы тиіс? Ол қандай ұйым, жұмысшыға қандай көмек береді? Бұл туралы "Түркістан облысының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов тарқатып айтып берді.
19.07.2020
-
Жамбылдықтар аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек әперді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының №5 емханасына 27 миллион теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ірі партиясы жеткізілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
19.07.2020
-
"Маска тағыңыз" акциясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысы #МаскаТағыңыз атты науқан бастады. Бұл іс-шараның басты мақсаты халықтың назарын карантиндік іс шараларды қатаң сақтауға, өзін қорғауға шақыру.
19.07.2020
-
Түркістан облысында 270 мобильді топ науқастарды үйлеріне барып емдеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Леңгір қалалық емханасының өзі небәрі 10 күн ішінде 300-ден астам адам өміріне араша болды.
19.07.2020
-
Елордаға кезекті дәрі-дәрмек партиясы ұшақпен жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
19.07.2020
Наверх