Жаңалықтар
-
-
Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі
Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты “Ақсұңқар” қонақүйі алдындағы әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
10.09.2025
-
ІІМ "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қаруларды тәркіледі
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10.09.2025
-
Энергетикадағы киберқауіпсіздік: Қазақстан жаңа орталық құрады
Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Ливерпульдегі әлем чемпионаты: бүгін Қазақстаннан 13 боксшы шаршы алаңға шығады
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылардан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Дрондар мен робот-жыландар: Қазақстанда электр және жылу желілерін диагностикалауда ЖИ қолданылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Энергетика министрлігі электр және жылу желілерінің жай-күйін диагностикалауға арналған заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Үндістан Непалмен шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтті
Үндістан елдегі жаппай наразылықтар мен толқуларға байланысты Непалмен шекарасын жоғары деңгейге қойды. Бұл туралы Үндістан полициясы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Денсаулық сақтау: 30-дан астам түрлі ақпараттық жүйе бірыңғай платформаға біріктіріледі
Мемлекет басшысының Қазақстандағы Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау жүйесіндегі 30-дан астам ақпараттық жүйе ңтайландырылып, бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.
10.09.2025
-
"Жайлы мектептің" жайы: Құлсарыдағы құрылыста мектеп шатыры опырылып түсті
Атырау облысының Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қаласында ауа райы қолайлы болады. "Қазгидромет" мәліметінше, Орал мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
IPО: ҚТЖ мен QazaqGaz акцияларын халық қалай иеленеді?
Соңғы жылдары қоғамда ұлттық компаниялардың IPO-сына деген қызығушылық күрт артып отыр. Әсіресе "Қазақстан темір жолы" мен "QazaqGaz" акцияларының қашан және қандай тәртіппен сатылымға шығатыны – көпшілікті толғандыратын басты сұрақтардың бірі. Осыны анықтау үшін BAQ.KZ тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресми сауал жолдады.
10.09.2025
-
Алғашқы медаль: Наталья Богданова әлем чемпионатында түркиялық боксшыны жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Макрон Францияның жаңа премьер-министрін тағайындады
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің жаңа премьер-министрі етіп бұрынғы қорғаныс министрі Себастьян Лекорнюді тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Трамп Израильдің Дохаға жасаған соққысына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар билігін Дохаға мұндай соққы қайталанбайды деп сендірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Жетісу облысында қараусыз қалған үйге жасырынған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысында ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10.09.2025
-
Атырау облысында қос өзен мен Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Құрманғазыда су тапшылығы салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы тиісті шешімді аудан әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Алматы облысында 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Алматы облысындағы Бесағаш ауылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жас жігіттің денесін тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Астанада Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Бүгін Астанада Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің 15-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Астанада синтетикалық есірткі сақтаған шетел азаматы ұсталды
Астанада полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстанда ұзақ жылдар бойы тұрып келе жатқан, ықтиярхаты бар шетел азаматын ұстады. 49 жастағы ер адам қаладағы коммуналдық қызметтердің бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.09.2025
-
Астана, Алматы және 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Астанада, Алматыда және Қазақстанның 16 облысында 10 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
09.09.2025
Наверх