Жаңалықтар
-
-
17 наурыз – Тарихқа тағзым күні
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында - тарихқа тағзым күні. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты онлайн форматта республикалық жиын өтті.
17.03.2021
-
Мектептердегі «Бұлтты бухгалтерия» бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі мектептер «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
17.03.2021
-
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 100% панацея деп айта алмаймын – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев коронавирустың барысы мен вакцина әсеріне тоқталды.
17.03.2021
-
TURKSOY ұйымы «Абай» альбомының тұсаукесерін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымымен (TURKSOY) бірлесіп «Абай» альбомының тұсаукесерін өткізді.
17.03.2021
-
Мыңжылқы Бердіқожаев: Дәрігерлердің шетелге ауысуына қуануымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев отандық дәрігерлердің шетелге кету себебіне тоқталды.
17.03.2021
-
Газдан уланған 5 адамның қаза болуына күдікті ретінде Түркістан тұрғыны ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасында Түркістан қаласының жергілікті тұрғын үйлерінің бірінде улы газбен уланып, 5 адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
17.03.2021
-
Инсультқа шалдыққан адамды қозғауға болмайды деген ескі наным – нейрохирург
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев инсульт дертінің неліктен жасарып келе жатқанын айтты.
17.03.2021
-
Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қызметкері қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.
17.03.2021
-
Өскемен әкімі маска тақпағаны үшін айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл төледі.
17.03.2021
-
Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиді ортақ түркілік сипатта емес ұлттық сипатта жасады – тіл маманы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Латын әліпбиіне көшу барысы қалай жүріп жатыр? Латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кімдер жасады? ХІХ-ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиі негізіндегі латын әліпбиі қалай жасалды? Осы және басқа да сұрақтар бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты тіл мәдениеті бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторы Ермұхамет Маралбек сұхбат барысында айтып берді.
17.03.2021
-
Исландия вакцина алғандар үшін шекарасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Исландия билігі тек Еуроодақтың емес, сонда лицензияланған вакцинамен егілген өзге елдердің азаматтарын да елге кіргізуге рұқсат берді, деп жазды korrespondent.net.
17.03.2021
-
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G-мен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай елдің барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қаласы 5G жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етіледі.
17.03.2021
-
Футбол. Қазақстанда жаңа маусым айқай-шумен басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының бірінші туры қызыққа толы болды. Төреші мен футболшы арасындағы төбелеске де, жаңбырға толы стадиондағы ойынға да куә болдық. Ендеше жанкүйерлерді бей-жай қалдырмаған алғашқы турдың ойындарына тоқталып өтсек.
17.03.2021
-
Ауылдар жаңа стандарттарға сәйкес жаңғыртылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай әрбір тірек ауылға дейінгі барлық республикалық және жергілікті жол қайта жаңартылып, жөнделеді.
17.03.2021
-
2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстыру барысында айтты.
17.03.2021
-
2025 жылға қарай елде 800 жаңа мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстыру барысында айтты.
17.03.2021
-
Атырауда «Еңбек» бағдарламасы арқылы мыңдаған адам жұмыспен қамтылады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 22 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыздар мен аз қамтылған отбасыларға мол мүмкіндік беріп жатыр.
17.03.2021
-
Ерғалиев: Жаңа Ұлттық жоспар елдің әлеуметтік дамуын көздейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен бекітілген елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды.
17.03.2021
-
Мемлекеттік органдар өздері үшін емес, халық үшін жұмыс істейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметті әкімшілік қызметтен сервистік модельге ауыстыру мемлекеттік басқаруды реформалаудың тағы бір маңызды тұсы. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
17.03.2021
-
Қазақ радиосы «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпірін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 наурыз күні сағат 14:00-17:00 аралығында Қазақ радиосы 7 ел - Иран, Түркия, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан радиоарналарымен бірлескен «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпірін өткізеді.
17.03.2021
Наверх