«Шекара-2021»: Оқу-жаттығу барысында терроризмге қарсы бірлескен операция өтті

9 Қыркүйек 2021, 20:05
17895
Бөлісу:
«Шекара-2021»: Оқу-жаттығу барысында терроризмге қарсы бірлескен операция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның «Эдельвейс» полигонында ҰҚШҰ Орталық Азия (ОАӨ ЖӨҰК) өңіріндегі Жедел өрістетілетін ұжымдық күштерінің «Шекара-2021» бірлескен оқу-жаттығуының ақтық кезеңі өтті. Оның барысында 30-дан астам тапсырма пысықталды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар терроризмге қарсы бірлескен операция өткізіп, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің аумағына басып кірген заңсыз қаруланған құралымдарды жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға дайындалу және оларды жүргізу мәселелерін пысықтады.

Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының әскери контингенттері мен жедел топтары қатысты. Барлығы мыңнан астам адам мен 150 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында заңсыз қаруланған құралымдардың жауынгерлік топтары мен жасақтарын оқшаулау және жою бойынша бірлескен әскери операция жүргізілді.

Ақтық кезеңде ОАӨ ЖӨҰК шартты қарсыластан бөлінген топтарды жасақтармен айналып өтетін басты күштермен оқаушлау және десант түсіру тактикасын, сондай-ақ елді мекендерді «тазарту» және заңсыз қаруланған шартты құралымдарды жою жұмыстарын пысықтады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Су-30СМ жойғышы көліктегі заңсыз қаруланған құралым содырларының шартты тобына зымыранды-бомбамен соққы жасады.

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде терроризмге қарсы бірлескен операцияның жүргізілуін Қырғыз Республикасында тіркелген Түркия Республикасының, Ресей Федерациясының, АҚШ-тың, Қазақстан Республикасының, Үндістанның, Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Жапонияның әскери атташелері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де бақылады.

ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бөлімшелердің кәсіби даярлығы мен іс-қимыл үйлесімділігінің деңгейіне жоғары баға берді.

Өзгелердің жаңалығы