Жаңалықтар
-
-
ДДСҰ COVID-19 вакцинациясына қатысты жаңа мәселе көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар денсаулық сақтау министрлігі мен коронавирусқа қарсы вакциналар сатып алу жөніндегі мемлекеттік реттеушілер инъекцияға арналған препараттарды жеткізу туралы күдікті ұсыныстар алды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адан Гебрейюс мәлімдеді.
27.03.2021
-
Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде киелі өңірдегі қай ірі сауда орындары мен жай дүкендерге болмасын бас сұқсаңыз сөрелерден «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт өнімдерін кездестіресіз. Халық арасында бұл кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Себебі, әрбір өнімдерін жоғары талаппен шығарады, халыққа сапалы дүние ұсынады. Атап айтқанда сүт, айран, қаймақ, балмұздақ, тіпті құртына дейін жергілікті тұрғындар үздіксіз тұтынып, сүйсіне жейтіні жасырын емес.
27.03.2021
-
Былтыр еңбек нарығындағы ахуал қандай болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер.
27.03.2021
-
Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына арналған қолжазбалар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына қатысты шежіренің бір бөлігі мен арнайы мөр басылған құжаттар табылды, деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.
27.03.2021
-
Қостанай облысында көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына дайындық белсенді жүргізілуде. Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алу бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың барлық кешені қарастырылған, деп хабарлады облыстық ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі.
27.03.2021
-
Қазақстан ЯСЖТШҰ органдарының бірін басқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның өкілі Венадағы Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) басқару органдарының бірінің басшысы болып сайланды.
27.03.2021
-
Қазақстандық анимациялық фильм Түркияда үздік деп танылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Maqpalsher жобасының «Ауа» қысқаметражды анимациялық фильмі Түркияда өткен «Best Istanbul Film Festival» фестивалінде «Best Animation Short Film» номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы анимациялық фильмдер режиссері Дильшат Рахматуллин facebook-тегі парақшасында жазды.
27.03.2021
-
«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіліндегі «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабының тұсаукесері өтті.
27.03.2021
-
Тоқаев Шепельдің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
27.03.2021
-
Мырзағалиев қазақстандықтарды «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан дәстүрлі түрде әлемдегі ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады. Бұл күні 180 елдің миллиондаған тұрғындары 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді, деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев twitter-дегі парақшасында.
27.03.2021
-
Алматы әуежайынан Қырғыз азаматы депортацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда ел аумағына Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Грузия, ҚХР, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 48 халықаралық әуе рейсі келді.
27.03.2021
-
Тәулігіне 450 науқас анықталды. Әкімдік алматылықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияға ПТР нәтижесі оң 450 науқас анықталды.
27.03.2021
-
Елбасы Владимир Шепельдің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің жақындары мен туыстарына көңіл айту хатын жолдады.
27.03.2021
-
Сағынтаев Алматының індетке қарсы күрестегі әлеуеті туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақтыжан Сағынтаевтың төрағалығымен және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен өткен алқалы жиында мегаполистің COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың жүйелі мәселелері бойынша отырыс өтті.
27.03.2021
-
Қазақстан Қытайдан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 млн дозасын, ресейлік «Спутник Лайттың» 1 млн дозасын сатып алатынын айтты.
27.03.2021
-
Қазақстанда 1 сәуірден бастап КВИ-ге қарсы вакциналау «счетчигі» іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
27.03.2021
-
Құтқарушылар ШҚО-ның гидрологиялық жағдайын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс тобы әуеден бақылау жасау үшін Казавиақұтқару АҚ-ның Еврокоптер ЕС-145 тікұшағын пайдаланып «Өскемен-Глубокое ауданы», «Шемонаиха ауданы-Өскемен» бағыттары бойынша жүзеге асырылды. Осы учаскелер өңірдегі гидрологиялық жағдайды анықтау мақсатында жүргізілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметі.
27.03.2021
-
Рыбкина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
27.03.2021
-
Мелдешов: Біздің қоғамның алдында екі-ақ жол бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адами капитал – кез келген мемлекеттің дамуының іргетасы, сол елдің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші. Дамыған елдер қатарына енуге ниетті Қазақстан үшін бұл фактор өте маңызды. Ендеше, білікті маман тапшылығымен қалай күресеміз? Бұл тұрғыда жоғары білім беру жүйесінің рөлі қандай? Бұл сұрақтарға Bolashaq Development Fund жетекшісі Жанболат Мелдешов жауап береді.
27.03.2021
-
COVID-19. Еліміздің 4 өңірі «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
27.03.2021
Наверх