Ресейде Дума депутаттарын сайлау өтіп жатыр

18 Қыркүйек 2021, 16:43
5854
Бөлісу:
Ресейде Дума депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде бірыңғай дауыс беру күні өтіп жатыр. Ел азаматтары Мемлекеттік Думаның VIII шақырылым дептутаттарын, тоғыз субъектілерінің басшылары мен 39 өңірлік парламентін сайлайтын болады. Сондай-ақ бұл күндері муниципиалдық сайлау да орын алады деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 8.00-ден 20:00-ге дейін 12 сағат бойы үш күн жұмыс істейді.

Сайлаудың негізгі күні 19 қыркүйекке белгіленген. Шетелдік бақылаушылар әзірге сайлауда құқық бұзушылықты байқамағандарын айтты.

Биылғы сайлау барысында Ресейдің бүкіл 85 өңірінде 4,4 мыңнан астам сайлау науқаны жүзеге асырылады. Олардың негізгісі – муниципиалдық деңгейдегі болып табылады.

Орталық сайлау комитеті Мемлекеттік Дума сайлауына қатысатын 14 партияны тіркеді. Оның жалпы құрамында 3812 кандидат бар. Олардан бөлек, бір мандатты округ бойынша сайлауға қатысу үшін 2020 кандидат тіркеуден өткізіліпті.

Осылайша, Федерацияның 39 субъектісінде өңірлік заңнамалық орган депутаттары сайланады.

Тоғыз өңірде губернаторлардың тікелей сайлауы өтеді. Ал тағы үш субъектінің басшысын президенттің ұсынуы бойынша өңірдің заңнамалық жиналысының депутаттары таңдайды.

Өзгелердің жаңалығы