Ресейлік сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласының даму стратегиясын талқылады

18 Қыркүйек 2021, 16:05
7795
Бөлісу:
Ресейлік сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласының даму стратегиясын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Эксперт» журналының «Нұр-Сұлтан: Үлкен Еуразия аймағындағы жаңа орталық» тақырыбындағы арнайы шығарылымының бейнеконференция байланысы арқылы онлайн-тұсаукесері өтті.

Жоба бойынша жұмыс барысында журналистер қалалық жоспарлау, геоэкономика және саясат саласындағы мамандармен бірге пандемияның теріс әсерлерін жеңіп қана қоймай, тұрақты дамудың жаңа трендтерін, экологиялық және технологиялылыққа бағдарлауды ескеру қажет жаңа пандемиядан кейінгі шындық жағдайында Қазақстан астанасы мен басқа да жаһандық қалалардың даму стратегиялары мен тактикаларын қарастырды. 

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев өз сөзінде бүгінде Нұр-Сұлтан Еуразиялық кеңістіктің орталығына айналғанын, түрлі форумдар, конгрестер, халықаралық маңызы бар басқа да іс-шаралар өткізілетінін, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылғанын және елордада қаржы мен инвестиция тарту орталығына айналғанын атап өтті. 

«Астана» ХҚО басшысы Қайрат Келімбетов Орталық үшін кең перспективалар ашатын жаһандану мен аймақтану, Еуропалық Одақ пен Қытай арасындағы табысты өзара іс-қимыл үшін Қазақстанда инфрақұрылымды құру, тиімді және сенімді көлік дәліздері сияқты бірқатар трендтер туралы айтып берді.

«Астана» ХҚО резиденттерінің бірі Movchan's Group инвестициялық компаниясының серіктесі Рафаэль Нагапетянц орталықтың артықшылықтарының ішінде түсінікті инфрақұрылымды, білікті кадрларды және ағылшын құқығын атады. 

«Эксперт» журналының шолушысы, арнайы шығарылымның авторлық тобының мүшесі Тихон Сысоев Нұр-Сұлтан кейсі XXI ғасырдың үлкен трендіне сәйкес келетінін, ол өз кезегінде жаңа қала құрылысы және қаржылық шешімдерді талап еткен ХХ ғасырдың аса күшті жылжуларының салдарынан туындағанын атап өтті. 

Ресей сәулетшілер Одағын аумақтық дамыту жөніндегі сарапшы, қалалық жоспарлаушы, ISOCARP мүшесі Александр Антонов Нұр-Сұлтанда полиорталық құруға және тарихи бөлігін сақтай отырып, жаңа әкімшілік орталық салуға қол жеткізілгеніне, мысалы, Мәскеуде мүмкін болмағанына назар аударды. 

Сәулетші, қала жоспарлаушы, қалалар мен агломерацияларды дамыту жөніндегі федералды сарапшы Илья Заливухин Қазақстан астанасының тәжірибесін бірегей тәжірибе деп атады, 20 жыл ішінде оның халқы миллион адамға өсті. 

Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары жаңа қаланың құрылысы әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін және бұл тұрғыда Нұр-сұлтан табысты үлгі болып табылатынын атап өтті. 

Олардың айтуынша, астананың дамуында ең заманауи әдістер қолданылған, ал әлемге әйгілі сәулетшілердің тартылуы бүкіл планетаның назарын аударды. Сарапшылар бүгінде Нұр-Сұлтан барлық бағыт бойынша табысты дамып келе жатқанын, саяси және экономикалық тұрғыдан алғанда, өмір сүруге өте ыңғайлы болып отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы