Жаңалықтар
-
-
Ескерту. Еліміздің 7 облысында аптап ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері, яғни 28 және 29 тамызда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Батыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
25.08.2021
-
Түркістан облысындағы реставрациялау жұмыстарына 813 млн теңге қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының тарихи-мәдени объектілерінде ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргізу, оның ішінде «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесінде жұмыс жалғаса береді.
25.08.2021
-
Тәуелсздік-30. Венада көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды.
25.08.2021
-
Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының аумағында өтетін Армиялық халықаралық ойындарды ресми түрде ашық деп жариялады.
25.08.2021
-
«Мемлекеттік тіл және БАҚ». Журналистер арасында конкурс жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялайды.
25.08.2021
-
Сал Мұхиттың туғанына 180 жыл толуына орай салт аттылар экспедициясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысында рухани жаңғыру аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Сал Мұхиттың 180 жылдығына орай «Алаш музейінен Ақбақайға дейін» атты салт аттылар экспедициясы өтті.
25.08.2021
-
Сәтбаевта құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласында ұзаққа созылған Есқұла су қабылдағышының құрылысы аяқталғанын айтты.
25.08.2021
-
Аймағамбетов: Алматыда 5 мың бала үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласында 5 мың қатысушы үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болғаны туралы айтты.
25.08.2021
-
Тоқаев АШМ министрінің міндетін атқарушыны қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен саланы тұрақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.08.2021
-
Астана мектептерінде түлек санынан 1-сынып оқушыларының саны 3,5 есе асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігі оқу орындарының құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
25.08.2021
-
Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ ұйымдастырған пресс-тур барысында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындардың жұмысымен таныстық.
25.08.2021
-
Шымкентке келген Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев ковидке қарсы вакцина салдырды.
25.08.2021
-
Ақтөбеде биыл 220 аула абаттандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде аула аумақтарын абаттандырудың ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 220 аула жөнделеді.
25.08.2021
-
Қазақстан елшісі Сербия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербия сарайында Қазақстан елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды.
25.08.2021
-
Олимпиадада 4-орын алған спортшы жүлде сомасын төлеуді талап етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еске салсақ, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Денис 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4-орын алды. Дәл осындай нәтижені румындық спортшы Габриэль Сынкрэян көрсетті. Соңғысы Дениске қарағанда салмағы жеңіл болғандықтан, оған үшінші орын, ал Улановқа төртінші орын берілді. Алайда біраз уақыттан кейін Сынкрэян допинг қолданғаны үшін шеттетіліп, оның қола медалі ресми түрде біздің спортшыға берілді.
25.08.2021
-
Елдос Сметов Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Қазақстандық Олимпиадашылар Ұлттық паралимпиада командасын қолдап, сәттілік тілеуде.
25.08.2021
-
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтті. Сайлаудың елдің дамуына қосар үлесі қандай? «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовпен сайлау қорытындысы туралы сұхбаттасқан болатынбыз.
25.08.2021
-
Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары жерлер айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барсында тұрғындар коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерді атады.
25.08.2021
-
Бекшин «Спутник V» вакцинасының тиімділігі «дельта» штамына қарсы қанша пайызға төмендегенін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барсында вакцинаның «дельта» штамына қарсы қауқары қандай деген сұраққа жауап берді.
25.08.2021
-
Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек көрсетуге аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды. Құтқарушыларды ТЖМ басшысы, отбасы және әріптестері қарсы алды.
25.08.2021
Наверх