Жаңалықтар
-
-
Филиппинде ұшақ апатынан көз жұмғандар саны 29-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
04.07.2021
-
Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Бейжің уақытымен сағат 11:02-дегі жағдай бойынша қытайлық ғарышкерлер Лю Бомин мен Тан Хунбо Қытайдың «Тяньхэ» ғарыш стансасы негізгі модулінің тораптық кабинасынан ашық ғарышқа шықты деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
04.07.2021
-
Маңғыстау облысында ер адамды үш ай бойы құлдықта ұстаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 59 жастағы тұрғыны еңбек құлдығында жүрген деп хабарлайды 24.kz.
04.07.2021
-
Еліміздің екі өңірінде карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында карантин күшейтілді, жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар Атырау облысында да карантин күшейтілді, қаулы 5 шілдеден бастап күшіне енеді.
04.07.2021
-
Әскери ЖОО-да білім алу: артықшылық пен ерекшелік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары спикер Әсет Қайролдаұлы әскери ЖОО-ның айырмашылығы мен артықшылығы туралы айтып берді.
04.07.2021
-
Сенат төрағасы Домбыра күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барша жұртты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
04.07.2021
-
ІІМ-де басым бағыттар назарға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы шығарылған кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
04.07.2021
-
Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын арнады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
04.07.2021
-
Елордада күніне 8 мыңдай адам КВИ-ге қарсы екпе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада вакцина алатындар саны 5 есе өсті. СОО-да және сауда үйлерінде орналасқан егу пунктерінде вакцина алғысы келетіндер кезекке тұрып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
04.07.2021
-
Жыл өткен сайын Алаштың абыройы асқақтап, беделі биіктей береді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
04.07.2021
-
Алматыда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күніне орай Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді.
04.07.2021
-
Атырау облысында карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитары карантиндік талаптарды күшейтуге арналған жаңа қаулыны жариялады.
04.07.2021
-
37 балуанның қатысуымен Qazaqstan Barysy басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Qazaqstan Barysy республикалық турнирі басталды.
04.07.2021
-
Президент: Домбыра – қазақтың жаны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
04.07.2021
-
Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш арыстарына ескерткіш ашылды, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
04.07.2021
-
Түркияда домбыра күні атап өтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен өткен іс-шараны саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер, шетелдік дипломатия миссия өкілдері мен қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Рухты көтеретін күйлердің санында шек жоқ. Баба аспап үні күй болып төгіліп, ән болып қалықтады.
04.07.2021
-
«Тур де Франс»: Алексей Луценко үшінші орынға көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан «Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңі аяқталды.
04.07.2021
-
Алматыдағы Алатау ауданында вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатау аудандық әкімдігінде вакцина алған азаматтар арасында тұрмыстық техника ұтыс ойыны өткізілді. 2 мен 30 маусым аралығында ауданның барлық екпе пункттерінде ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік беретін лотерея билеттері таратылды.
04.07.2021
-
Алматыда «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында астана күніне орай «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы өз есігін ашты.
04.07.2021
-
Италияда «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың итальян тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.
04.07.2021
Наверх