Жаңалықтар
-
-
Президент Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
01.11.2021
-
Ақмола облысында жеті көлік соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан-Петропавл тасжолында жеті көлік жол апатына ұшырады. Қаза тапқандар жоқ, төрт жолаушы, оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
01.11.2021
-
«Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды.
01.11.2021
-
ӘЧ: Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
01.11.2021
-
Қазақстанда ХҚО-лар тағы да істемей қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан халқының өкінішіне қарай, техникалық ақауға байланысты мемлекеттік қызметтерді ХҚО операторлары арқылы алу әлі де қолжетімсіз екенін хабарлауға тағы мәжбүр боп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
01.11.2021
-
«Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсе «Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
01.11.2021
-
Мақтааралда 90 мың тоннадан астам ақ алтын жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралдық диқандар биыл 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 35,8 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Қазірге дейін 91 271 тонна ақ алтын өнімі алынып, орташа өнімділік 26 центнерді құрап отыр. Бұл туралы бүгінгі брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов баяндады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
01.11.2021
-
Қызылорда облысында аға лейтенант өзгеге өмір сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні еліміздің қан қызметі ерікті донорлардың қолдауына зәру.
01.11.2021
-
Созақ көтерілісіне арналған мемориал ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Созақ ауданында «Созақ қасіреті» мемориалы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
01.11.2021
-
Ғылыми кітапханада 300 жылдық кітаптар көрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасындағы кітаптардың сирек кездесетін даналары көрмеге қойылды.
01.11.2021
-
Алматы облысында автобиатлоннан республикалық турнир өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында автобиатлоннан республикалық турнир өтті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар келіп, өзара бақ сынасты. Мамандардың айтуынша, бүгінде дәл осы қауіпті спорт түрімен әуестенетіндердің саны әлдеқайда артқан. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
01.11.2021
-
«WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты басталды. Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өтті.
01.11.2021
-
Маңғыстауда ірі жылыжай кешені іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына қарасты Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында түрік технологиясымен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
01.11.2021
-
Каспий теңізін ластанудан қорғау жөніндегі хаттама ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
01.11.2021
-
Алматы «сары» аймаққа өтісімен карантин талаптары жеңілдеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алынып тасталды.
01.11.2021
-
Субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқырған. Антикор АШМ-ға қатысты тергеу туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау бойынша бірқатар өңір әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топтарды әшкереледі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев айтты.
01.11.2021
-
Вице-министр: Маман тапшылығы – өзекті мәселе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.
01.11.2021
-
Таиланд вакциналанған туристерге шекарасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд толық вакциналанған туристер үшін сыртқы шекарасын ашты. Жаңа тәртіпке сай туристер елге келген соң коронавирусқа қарсы тест тапсырып, қонақ үйде бір күн күтуі тиіс.
01.11.2021
-
QazVac вакцинасы халал сертификатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифингте қаланың Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім айтты.
01.11.2021
-
Футболдан Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Франция мен Тәжікстанға қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
01.11.2021
Наверх