Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

18 Мамыр 2022, 02:25
1582
Бөлісу:
Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола полицейлері жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді.

Алынған зат марихуана болып шықты. Жоғарыда аталған есірткі құралдарын сатып алу арнасын анықтау мақсатында полицейлер Қосшы қаласында сәтті арнайы операция өткізді. Нәтижесінде, Ресей Федерациясының 39 жастағы азаматы ұсталды.

Шетелдік жалға алған үйден полиция масаның торларында кептірілген белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті қарасораға ұқсас өсімдікті тауып, салмағы 19 кг болатын 35 бұтаны тәркіледі.

Өзгелердің жаңалығы