ШҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

18 Мамыр 2022, 06:37
1137
Бөлісу:
ШҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскерді аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Айбек Түсіпханов пен Диляра Камитова ұстаған. Ұсталғандар – 29 және 30 жаста, бұған дейін сотты болған.

Сот үкімі бойынша екеуіне бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Алайда сотталғандар пробация қызметіне міндетті тіркеуге келмеген. Олардың қайда екенін анықтау бойынша жүргізілген алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеді. Сондықтан оларға мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданған, – деп мәлімдеді полиция.

Сотталғандардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылында ұсталды. Сақшылардан жасырынған екінші адам Алтай қаласында қолға түсті.

Полицейлерге іздеуде жүрген азамат туысының үйінде жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ұсталған кезде ер адам әжесінің шкафында жасырынып отырған.

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы