Жаңалықтар
-
-
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді
Жиын барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы Премьер-министрдің, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі табылды
Зеренді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді
25 маусымда сағат 02:51-де Астана уақытымен Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасай отырып.
25.06.2023
-
Қазақстандық жоғары оқу орындары құжат қабылдауды бастады
2023-2024 оқу жылына жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүреді. 13-20 шілдеде білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25.06.2023
-
«БАД» ішіп жүрсіз бе?
Ақтөбелік дәрігерлер желілік маркетинг арқылы танымал тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды сатып алмау керектігін айтады, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
25.06.2023
-
Көкшетауда жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары іздестіріліп жатыр
Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
25.06.2023
-
25 маусымға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Текелі тағы да таза суға зар
Моноқала тұрғындары ішер судың лай екенін айтып шағымдануда. Жылдағы күрделі оқиға қайта қайталанып отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
25.06.2023
-
Астанада 14 мектеп салынып жатыр
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан мектептер мен Оқушылар сарайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Ақтөбе облысында «сақалды» құрылыстар неге тоқтап тұр?
Бүгінде Ақтөбе облысында мемлекеттің қаржысына салынып жатқан құрылыс нысандарының ішінде оннан астам ғимарат «сақалды» құрылыстар қатарына енген, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
25.06.2023
-
Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде ауа ластанады
Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгиромет» РМК-на сілтеме жасап.
25.06.2023
-
25 маусымға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер жексенбіде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25.06.2023
-
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі кездесуінде жеңіліп қалды
Қазақстандық жекпе-жек шебері (14-8) Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектен UFC on ABC 5 турнирінде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
25.06.2023
-
Кейбір жануарларды елден әкетуге шектеу енгізілді
Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Александр Тен триатлоннан Азия чемпионы атанды
Жапонияда триатлоннан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Александр Тен жеңімпаз атанды деп хабарлады BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Ақша айырбастау орындарында рубль бағамы күрт төмендеді
Ресейдегі әскери бүлік әрекеті аясында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы төмендей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
1 шілдеден бастап кімдердің жәрдемақысы өседі?
1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерітөлемдер 14,5%-ға артады
25.06.2023
-
Александр Бублик Германиядағы жарыстың финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланады
Мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты 24 маусымда күні бойы барлық мүдделі ведомство басшыларымен шұғыл байланыста болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
-
Белгісіз азамат жолда өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып алды
Әлеуметтік желілерде Астана-Көкшетау трассасында ер адам жанып жатқан көліктен адамды аман қалғандығы бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.06.2023
Наверх